National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізі жағалауындағы туристік кластерді дамытуға арналған жобалар таныстырылды

2021 жылғы 22 қыркүйек

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің туристік әлеуетімен танысты.

Президент Rixos Water World Aktau қонақ үй кешенінің инфрақұрылымын, соның ішінде жуырда ашылған ойын-сауық паркін аралап көрді. Ақтау қаласының оңтүстігіндегі туристік аймақты дамытуға арналған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса мән берілді.

Атап айтқанда, инвесторлар Мемлекет басшысына гольф клубы, сауда орындары, виллалары мен апартаменттері бар халықаралық деңгейдегі қонақ үйдің құрылысы туралы айтты. Нысан биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған инвестициялық жобаларға оң баға берді. Сонымен қатар туристік инфрақұрылымды кеңейтіп, жетілдірудің және туристер тартудың маңызды екенін атап өтіп, құрылыс барысын өз бақылауына алатынын мәлімдеді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің