National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Баспаев Ернар Жеңісұлы

 

1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған.

2002-2006 жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары;

2006-2010 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің басқарма бастығы, Жоғарғы Сот аппаратының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары;

2010 жылы Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің жетекшісі;

2013-2019 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы;

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2022 жылғы 13 сәуір – 2022 жылғы 9 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылғы 9 желтоқсан - 2023 жылғы 1 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2023 жылғы 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: