
1975 жылы Алматы қаласында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Тысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін және Hult халықаралық бизнес мектебін бітірген. Іскерлік басқару магистрі.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қолданбалы математика кафедрасында аға оқытушы болып бастады.
1998-2000 жылдары – «Қазақойл» акционерлік қоғамы Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;
2000-2002 жылдары – «Қазақстан темір жолы» РММ департамент басшысы;
2002-2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры;
2002-2003 жылдары ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры;
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақпараттандыру департаментінің директоры;
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а.
2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы;
2010-2024 жылдары – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
2024 жылғы 10 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Жарияланымдар, ғылыми еңбектер, мемлекеттік наградалар, ынталандыру (грамоталар т.б.)
ЕҚЫҰ Саммиті кезінде телекоммуникациялық қызметтерін дайындау және техникалық қолдау көрсеткені үшін ҚР Президентінің Алғыс хаты (2010)
«Құрмет» ордені -2011ж.
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медаль 2015 ж.
Астана күніне арналған «Астана 20 жыл» мерейтойлық медаль (2018)
«Парасат» Ордені -2018 ж.