Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.