«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Павлодар облысының кейбір аудандары: 1) Качир ауданы – Тереңкөл ауданы; 2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2018 жылғы 4 тамыз № 724