Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
	1. Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы:
	1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы – «Тар кезең» тарихи романы үшін;
	2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын – «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін;  
	3) Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші – «Песня – душа моя» жеке концерті үшін;
	4) Балнұр Балғабекқызы  Қыдырбекке, композитор  – «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін;
	5) авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа –  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін берілсін.
	2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
	 
	       Қазақстан Республикасының 
	                    Президенті                                                                                             Н.Назарбаев
	 
	 
	Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 желтоқсан
	                       №975