Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан; Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен; Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.