National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Заңдар

Мемлекет басшы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жеке нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заңға қол қойды

2016 жылғы 30 маусым

Қабылданған заң «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 жарлықты іске асыруға бағытталған.

Заңмен «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының қолданысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысы тоқтатылады, оларға сәйкес 2016 жылдың соңына дейін:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жалдау шарттарымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларға;

мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне меншік құқығы берілмейтін болады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің