Мемлекет басшысы халықаралық стандарттарға сәйкес полиция қызметінің тиімділігін арттыруға, ішкі істер органдарының міндеттері мен функцияларын нақты айқындауға, олардың жұртшылықпен өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдіруге және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдікті нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды