National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Өкімдер

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

2025 жылғы 24 маусым

 

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

 

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

 

Талғат Садықұлы Батырханға – «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары, отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;

Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа – «АЙҚЫН-ЛИТЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін;

Юлия Дмитриевна Магерге – «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы, мемлекеттік саясатты ақпараттық тұрғыдан тиімді сүйемелдеуге қосқан үлесі үшін;

Армангүл Тоқтамұратқа – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы, Қазақстан телевизиялық журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін берілсін;

 

Қазақстан Республикасы Президентінің  бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

 

Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға – «Kokshe» телеарнасының шеф-редакторы, өңірлік телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін;

Күнсая Құрмет-Рахимоваға – «Jibek Joly/ Silk Way» телеарнасының тілшісі, Мемлекет басшысының қызметі туралы ақпаратты жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін;

Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке – «Abay Live» YouTube арнасының авторы және жүргізушісі, заманауи медианы дамытуға қосқан үлесі үшін;

Алина Александровна Шашкинаға – «Тengrinews.kz» сайтының тілшісі, интернет кеңістігінде ақпарат тарату жұмысын белсенді жүргізгені үшін тапсырылсын;

 

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

 

«Ana tili» газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өмірін жан-жақты жариялап, көрсетуге қосқан үлесі үшін;

«BALAPAN» телеарнасының шығармашылық ұжымына – отандық журналистикадағы балаларға арналған контентті дамытуға қосқан үлесі үшін;

«Soltustik Qazaqstan» газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жан-жақты жариялап, көрсетуге қосқан үлесі үшін;

«Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының ұжымына – отандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін жариялансын.


2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Президенті                                                                                 Қ.Тоқаев

 

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 24 маусым
 

                   №226


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің