National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Геральдика және мемлекеттік рәміздер мәселесі талқыланды

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөнінде республикалық комиссияның отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында еліміздің геральдикалық рәміздерін одан әрі жетілдіруге қатысты мәселе көтергені мәлім. Осы орайда Комиссия мүшелері бұл жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін талқылады.

Бұдан бөлек, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жұмыстарының есебі тыңдалды.

Сонымен қатар отырыс барысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде кемшіліктерге жол берген кейбір өңірлерге ескерту жасалды.

Сондай-ақ белгіленген стандарттарды сақтау мақсатында өкілетті органдарға мемлекеттік рәміздерді дайындайтын мекемелермен тиісті жұмыс жүргізу ұсынылды.

Жиын соңында Ерлан Қарин құзыретті органдарға мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау бағытындағы жұмыстарды бақылау ісін күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы