National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы

2022 жылғы 30 тамыз

Құрметті отандастар!
 
Сіздерді Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Биыл бұл мейрам айрықша саяси мәнге ие болып отыр. Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижесі халқымыздың бірлігін және елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың барынша қолдау тапқанын көрсетті.      

Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді.  

Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды.

Қолға алынып жатқан өзгерістердің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттілігімізді мейлінше нығайту және қоғамды үйлесімді дамыту. Бұл міндеттерді орындауға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы қажет, қадірлі отандастар!

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Отанымыздың игілігі жолындағы барлық мақсатқа жете беріңіздер!


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің