National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониге көңіл айтты

2023 жылғы 12 маусым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның көрнекті мемлекет қайраткері, бұрынғы Премьер-министрі Сильвио Берлусконидің дүниеден өтуіне байланысты Министрлер кабинетінің Төрағасы Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Еліңіз бүкіл өмірін Италия халқына қызмет етуге арнаған көрнекті мемлекет қайраткерінен, әлемдік деңгейдегі саясаткерден, дарынды әрі парасатты көшбасшыдан айырылды. Сильвио Берлускони екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстанның шынайы досы еді. Оның көшбасшылық қасиеті және Италияны дамытуға қосқан зор үлесі ешқашан ұмытылмайды», – деп жазылған жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің