National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Еуропалық комиссияның Президентімен кездесті

2022 жылғы 22 қазан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономика, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-әрекеттерге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің