National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Пәкістан басшылығына көңіл айту жеделхатын жолдады

2023 жылғы 31 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алви мен Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

«Мен пәкістандықтармен бірге барлық дінге, адами наным-сенімге қайшы, ақылға сыйымсыз осы жантүршігерлік зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптаймын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды.

Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осындай қайғылы сәтте біз Пәкістан халқымен біргеміз», – деп жазылған жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің