National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Президент Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастауға рұқсат берді

2022 жылғы 01 маусым

Алматы қаласы

 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары оңтүстік астана әуежайының жаңа халықаралық терминалы құрылысының капсуласын салу рәсіміне қатысумен аяқталды.

Іс-шара барысында Түркияның TAV Airports Holding компаниясының бас директоры Серкан Каптан, холдингтің директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Сани Шенер және Алматы халықаралық әуежайының президенті Ерсой Альп Ер Тунга Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық жоба туралы мәлімет берді.

Бұдан кейін Президент әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысын бастауға рұқсат берді.

Мемлекет басшысы Алматы әуежайы еліміз үшін маңызды стратегиялық нысан және Қазақстанның әуе қақпасы екенін атап өтті.

— Жаңа терминал салынғаннан кейін әуежайда жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады, яғни екі есеге артады деген сөз. Жаңа терминал ең озық технологиямен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Ең бастысы барлық жұмысты уақытында аяқтау қажет, – деді Президент.

Құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлемі 200 миллион доллардан асады. Жаңа терминал тек халықаралық бағыттағы рейстерге, ал қазіргісі ішкі рейстерге қызмет көрсетеді. Құрылыс 2024 жылы жазда аяқталады деп жоспарланған. 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің