National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

2022 жылғы 17 қазан

Мемлекет басшысына Алматы қаласының биылғы тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы есеп берілді.

Қала әкімі Президентке экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады. Есеп беріліп отырған кезеңде қысқамерзімді экономикалық индикатор 105 пайызға жеткен. ­Өңдеуші өнеркәсіп – өсімнің негізгі драйверіне айналды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,1 пайызға артқан. Алматы жеке инвестициялар көлемі жөнінен (22,4 пайыз) өңірлер арасында бірінші орында. Қалада іскерлік белсенділік қалпына келді. Биылғы тоғыз айда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37,2 пайызға артты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жүзеге асырылуы және 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективалары, сонымен қатар дамудың бекітілген негізгі басымдықтарын ескере отырып, қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары, мектептердегі орын тапшылығын төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар, бірыңғай бейнемониторинг жүйесін құру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Президент қаланың экономикасын одан әрі әртараптандыру және инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің