Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Тоқтар Әубәкіровпен кездесті. Халық қаһарманы қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кездесуде Тоқтар Әубәкіров Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген бастамалар мен елдегі реформалар жөнінде пікірін айтып, өз қолдауын білдірді.