National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады

2023 жылғы 22 қараша

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгуен Тхань Хунгке ілтипат білдіре отырып, өзінің биыл тамыз айында Вьетнамға жасаған ресми сапарын еске салды. Сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара тиімді кооперацияның жаңа бағыттарын ашуға тың серпін берді.

Президент SOVICO Group компаниясының инвестициялық қызметіне қажетті жағдай жасауға еліміздің дайын екенін жеткізді.

– Сіздің Қазақстандағы іскерлік белсенділігіңізді құптаймыз. Өзара ынтымақтастық орнататын салаларды айқындай алатынымызға сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған шаралар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланысты жандандыруға ықпал етеді.

Кездесу барысында ықпалдастықтың перспективті бағыттары, соның ішінде көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің