National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

2024 жылғы 16 шілде

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық Банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді.

Тимур Сүлейменов Президентке Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады.

Ұлттық Банк төрағасы жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлардың сақталып отырғанын айтты. Сонымен қатар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды.

Бұдан бөлек, Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобаларын жүзеге асыруға қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банктің қызметіне, соның ішінде инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және цифрлық қаржылық инфрақұрылым жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің