National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Тәжікстанның Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен кездесті

2021 жылғы 20 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге ресми сапарының соңында Тәжікстанның Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Кохир Расулзодаға Тәжікстан Президентімен өткізген келіссөздердің негізгі нәтижелері туралы айтты. Қазақстан Президенті екіжақты үкіметаралық комиссияның тетіктерін пайдалануға қатысты уағдаластыққа қол жеткізілгені және Эмомали Рахмонның Қазақстанға алдағы уақытта жасайтын мемлекеттік сапары аясында қосымша келісімдер әзірлеу жөніндегі жоспары жайында атап өтті.

Мемлекет басшысы қазақ тарапы ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша конструктивті және нақты жұмыстар жүргізетінін жеткізді.

Кохир Расулзода Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сапары екі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өтіп жатқанын және оның символдық мәні бар екенін айтты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері арасында жасалған бүгінгі уағдаластықтардың орындалуына, атап айтқанда, сауда-экономикалық әлеуетті және инвестиция көлемін одан әрі арттыруға баса мән берілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің