National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Президент Талдықорған қаласындағы жаңа шағын ауданға барды

2023 жылғы 26 қазан

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы

Мемлекет басшысы Жетісу облысының орталығында салынып жатқан жаңа шағын ауданда болып, құрылыс барысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа шағын ауданда 41 тұрғын үй салынып жатқаны жөнінде баяндалды. 1510 пәтердің жалпы ауданы – 122,6 мың шаршы метр. Құрылысқа 28,3 миллиард теңге бөлінген.

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің айтуынша, осы шағын ауданда былтыр аумағы 44,1 мың шаршы метр болатын 509 пәтерлі 14 үйдің құрылысы аяқталған. Ал биыл жыл соңына дейін 783 пәтерлі тағы 21 үйді аяқтау жоспарланып отыр. Қала басшылығы қалған 218 пәтерлі 6 үйдің құрылысын келесі жылы аяқтайтынын жеткізді. Жыл соңына дейін Талдықорған қаласы бойынша жалпы көлемі 155,2 мың шаршы метрді құрайтын 2 065 пәтер пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2024 жылы 2 375 пәтер салу жоспарланған. Бұдан бөлек, Қаратал өзенінің оң жағалауын дамыту қарастырылған.

Қала әкімінің мәліметінше, жаңа шағын аудандарда алдағы уақытта 28 мыңнан астам адам тұрады деп болжам жасалып отыр. Бұл – қала халқының 14 пайызы. Осы мәселелерді ескере келе, азаматтардың жайлы тұрмысын қамтамасыз ету үшін қуаты сағатына 50 Гкал болатын газ қазандығын, сондай-ақ осы шағын ауданға 1200 орындық мектеп салу қажеттігі туралы айтылды.

Кездесу соңында Президент Үкіметке аталған мәселелерді зерделеп, тиімді шешім қабылдауды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің