National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Президент Алматы облысындағы өндірістік жылыжай кешеніне барды

2023 жылғы 05 қыркүйек

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапары барысында қызанақ пен көшет өсіруге маманданған «Lst Agro»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай кешенін аралап көрді.

Жылыжай кешенінің жалпы аумағы – 7 гектар.  Онда жылына 3650 тонна қызанақ өсіріледі. Кешенге 5,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйылған. Мемлекеттік қолдау шаралары «Даму» қоры арқылы көрсетіледі.

Президентке кәсіпорында тамшылатып суару,  тұмандату  және көмірқышқыл газын өндіру жүйелері жұмыс істейтіні туралы баяндалды. Жылыжай кешеніндегі суару құралдарын, климаттық және энергетикалық жабдықтарды басқару жүйесі толығымен автоматтандырылған, сондай-ақ ол арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады. Мұнда суды тазартудың заманауи технологиясы да енгізілген.

Қызанақ өсірудің озық голландтық әдісінің нәтижесінде компания өнім көлемін бірнеше есе ұлғайтып, сапасын жоғарылатуға қол жеткізді. Өнімнің басым бөлігі экспортталады. 

Кешенді аралап көрген Мемлекет басшысы өндірілетін өнім түрлерімен танысып, жаңа жұмыс орындарын ашу және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін осындай инвестициялық жобаларды іске асыру маңызды екенін атап өтті.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің