National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент HHLA компаниясының басқарма төрағасы Ангела Титцратпен кездесті

2023 жылғы 29 қыркүйек

Германия, Берлин қаласы

 

HHLA (Hamburger Hafen und Logistik) компаниясының басшысымен кездесу барысында Қазақстан мен Германияның көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Германияның көлік және логистика саласын дамытуда аталған компанияның маңызды рөл атқаратынын айта келе, оның елімізде филиал ашу туралы шешімін құптады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланың Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтты. Өйткені еліміз Еуразиядағы басты транзит торабы ретінде өз позициясын күшейтуге ниетті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан құрғақ және сұйық жүктерді  тасымалдауға арналған жаңа танкерлер сатып алу, сондай-ақ Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарын жаңғырту үшін қаржы тартуға мүдделі екені атап өтілді.

HHLA – жетекші еуропалық логистикалық компания. Кәсіпорын Гамбург, Одесса, Таллинн, Триест қалаларындағы  теңіз порты терминалдарына, сондай-ақ олармен байланыстырылған Орталық және Шығыс Еуропадағы интермодальдық тораптар желісіне иелік етеді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің