National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент аса көрнекті сәулетші, қоғам қайраткері Шот-Аман Уәлихановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

2021 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті сәулетші, ғалым әрі қоғам қайраткері, қаламгер Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Шот-Аман Ыдырысұлы елімізде сәулет өнерінің қарқынды дамып, жаңа белеске көтерілуі жолында көп еңбек сіңірді. Көптеген еңселі ғимараттар мен көрікті ескерткіштердің авторы атанды. Халқымыз оны Мемлекеттік Елтаңба авторларының бірі ретінде жақсы біледі. Ғұмырын шығармашылық ізденістер мен ғылыми зерттеулерге арнап, қаламгерлік жолда да жемісті жұмыс жасады. Руханият байлығын дамытуға едәуір атсалысты. Соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Шот-Аман Ыдырысұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады», – делінген жеделхатта.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің