National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу барысы қаралды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жаңа академиялық басылымның редакция алқасы мүшелерімен кездесу өткізді. Жиында көптомдықты әзірлеу барысы қаралды.

Академиялық басылымның әр томының жетекшілері – Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу жөнідегі республикалық ақпараттық орталықтың директоры Меруерт Әбусейітова, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған Мемлекеттік кеңесшіні жалпыәлемдік үдерістер аясында Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері қалай жазылып жатқанынан хабардар етті.  

Кездесу қорытындысы бойынша, Ерлан Қарин ғылыми іссапар барысында шетел архивтерінен табылған төл тарихымызға қатысты жаңа мұрағат құжаттары және соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулердің қорытындылары осы іргелі ғылыми еңбекке енуге тиіс деп атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші сапалы басылым әзірлеу үшін ғалымдардың бұл жұмысқа жауапкершілікпен қарауы, авторлар мен редакторлардың тынымсыз еңбек етуі өте маңызды екенін айтты. 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы