National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

 

Комиссия отырысын ашқан Г.Әбдіқалықова «Болашақ» стипендиясының елді институционалдық реформалау үдерісіндегі айрықша рөлін атап өтіп, болашақтықтардың әлеуетін «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауға барынша пайдалану қажеттігін айтты.  

Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарының жобасын таныстырды.

Комиссия мүшелері «Болашақ» бағдарламасына қатысты  Split PhD іске асыру тұжырымдамасын мақұлдады. Тұжырымдама Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елдегі жоғары оқу орындарында ғылыми кадрлар даярлаудың жаңа жүйесін енгізуді көздейді.

Комиссия отырысында алдын-ала конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау мәселесі қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жұмысын одан әрі ұйымдастыру аясында бірқатар тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы