National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

 

ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Сьерра-Леоне, Мальта, Португалия, Хорватия, Кипр және Чад Республикаларының елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.

Екі жақты кездесулер барысында мемлекетаралық қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.

Ә.Жақсыбеков атап өткендей, жаһандасу жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени және өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамыту біздің мемлекеттеріміздің  ұлттық мүдделеріне сай келеді.

Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды өзара  кеңейтуге аса мүдделі екендіктерін атап өтті. Олардың қатарында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, өзара инвестиция және сауда, энергияның балама көздері және агроөнеркәсіп кешені, білім және ғылым, туризм және басқа да перспективалы салалар бар. 

Мемлекеттік хатшы аталған мемлекеттердің төтенше және өкілетті өкілдерінің қызметі елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық әлеуетін ұлғайтуға септігін тигізетініне үміт артатынын жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы