National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің осы оқу орнының 20 жылдығына арналған салтанатты жиынына қатысты

 

Салтанатты шараға мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпус, ғылым және білім саласы,  БАҚ өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, Қазақстан және шетел университеттерінің ректорлары, жоғары оқу орнының түлектері, студенттер қатысты.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының  құттықтауын оқып берді. Құттықтауда 1996 жылы арнаулы жарлықпен құрылған университет бүгінде отандық жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшының біріне айналғаны және Астананың рухани әрі зияткерлік орталығы болып отырғаны атап көрсетілген. Қазақстан Президентінің Еуразия ұлттық университеті алдағы уақытта да «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру үшін білікті мамандар даярлайтын маңызды ғылыми-ағартушылық мекеменің бірі болып қала беретініне сенім білдіргені айтылған.

Бүгінде Еуразия ұлттық университеті – еуразиялық идеяның іс жүзіне асуы, сонымен қатар Еуропаның, Азияның, Американың 258 жоғары оқу орнымен, түрлі ғылыми-зерттеу орталықтарымен, шет мемлекеттердің елшіліктерімен, халықаралық білім қорларымен ынтымақтастық орнатқан болашақтың университеті.

Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да көпдеңгейлі даярлықтан өткізілетін 168 мамандық бойынша 16 мыңнан астам студент білім алуда. Мұнда 2011 жылдан бастап 250-ден астам пән ағылшын тілінде оқытылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылы университет базасында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы ашылды.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару