Ә. Жақсыбеков Ұлттық гвардия мен полиция жарақтандырылып отырған заманауи арнайы техникалардың үлгілерімен танысты. Жұмыс кездесуінің қорытындысында Мемлекеттік хатшы – Қауіпсіздік кеңесі хатшысының міндетін уақытша атқарушы құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық қорғау қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру, қылмыстық залал келтіруден азаматтарды қорғау бойынша шараларды күшейту мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.