Бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысында мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі ұсыныстары қаралды.