Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссияның шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша магистратура мен докторантураға оқуға баратын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберілетін 123 үміткер анықталды.
Бұған дейін 2020 жылғы конкурстық іріктеудің екі легінің нәтижесінде Комиссия шешімімен 163 стипендия тағайындалған болатын.
Анықтама үшін: Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 621 стипендиат білім алып жатыр, атап айтқанда, 524 стипендиат 19 елде, 97-сі Қазақстан аумағында қашықтан оқиды.