National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қырымбек Көшербаев Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының  қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын, сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлық лауреаттарына дипломдар мен төс белгілерді салтанатты түрде тапсырды.

Жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне ерекше үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен және сыйлықтармен марапаттайды. Бұл игі дәстүрге айналған.

– Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар – сіздердің елімізді әлемдегі дәулетті, парасатты әрі бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдырудағы жасампаз еңбектеріңізге, білімдеріңізге, қажыр-қайраттарыңызға және сіңірген еңбектеріңізге берілген жоғары баға, – деді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы марапат иелеріне жаңа табыс мен жетістік тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы