National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисінің басшысы Наталия Заруднамен кездесті

 

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін, оған еліміздің 2010 жылы аталған Ұйымға төрағалық етуі айқын дәлел болатынын атап өтті.

Алдағы жылдары Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы қызметінің басым бағыттарының бірі «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» деп аталатын Астана  декларациясында  белгіленген Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын құру жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу болып табылады.

Сонымен қатар, тараптар  әлеуметтік-гуманитарлық дамудың, сот үстемдігін және адам құқығын қамтамасыз етудің, этносаралық қарым-қатынасты үйлестірудің, гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің бірқатар мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың жай-күйі мен келешегін талқылады.

Г.Әбдіқалықова Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисінің жұмысында Қазақстанның мүдделері ескерілетін ынтымақтастықтың басым салаларына назар аударудың маңыздылығына  тоқталды.

Мемлекеттік хатшы ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы Вена отырысында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисі болып қайта құрылатыны туралы №1153 шешімі қабылданғанына тоқталды.

ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисінің мандаты Қазақстанда орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен  және ведомстволармен ықпалдаса отырып, қауіпсіздіктің үш өлшеміне (әскери-саяси, экономикалық-экологиялық, гуманитарлық) қатысты түрлі жобалар жүргізуді қарастырады.

Атап айтсақ, Офистің қызмет аясына қару-жарақты бақылау, шекараларды басқару, лаңкестікке және адам саудасына, қаруға және есірткіге қарсы күресті қоса есептегенде қауіпсіздік, сондай-ақ экономика-экологиялық мәселелер, адам құқығы және сот үстемдігі, құқық және БАҚ еркіндігі мәселелері енеді.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисінің қолданыстағы жобалары аясындағы жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару