National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

 

Отырыста Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды.

Г.Әбдіқалықова егемендік жылдары 956 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алғанын, оның басым көпшілігі соңғы жылдардың үлесіне тиетінін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан азаматтығын алуға ниеттенген әлемнің әртүрлі елдеріндегі адамдар санының үздіксіз өсе түсуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық сындарлы, әлеуметтік тартымды және халықаралық деңгейде танылған мемлекеттік саясатының жарқын көрінісі екенін атап көрсетті.

Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойғаннан соң алыс және таяу шет елдерден келген түрлі ұлттың тағы 570 өкілі Қазақстан азаматы атанатын болады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару