National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Жиында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражатты пайдаланудың жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету бағытындағы шаралар талқыланды.

Инвестициялар және даму министрлігінің, Бас прокуратураның, Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жөніндегі есеп комитетінің баяндамалары тыңдалды.

Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Егер сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, ешкімге де жеңілдік жасалмайды және ешкім жазадан құтылмайды» деген сөзіне тоқталды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы ел экономикасындағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға, транзиттік әлеуетті дамытуға және көлік инфрақұрылымын халықаралық жүйеге интеграциялауға бағытталған.

Орталықта да, сондай-ақ жергілікті жерлерде де оның уақтылы және тиімді орындалуын қамтамасыз ету маңызды. Алайда, бүгінгі таңда бұл бағытта қабылданып жатқан шаралар жеткіліксіз болып отыр.

Мәселен, бағдарламаның орындалуы барысында мемлекеттік аудит органдары бюджет қаржысын игерудің заңдылығына қаржылық бақылау кезінде 34.3 миллиард теңге мөлшеріндегі заң бұзу фактілерін анықтады.

Агроөнеркәсіп саласындағы прокурорлық тексерістер арқылы жалпы құны 15 миллиард теңге болатын 3,5 мың заң бұзу жайттары анықталды. Заңсыз 2,6 миллиард теңге субсидия төлеудің жолы кесілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2015 жылдан бастап ақшалай қаражатты талан-таражға салу және мақсатсыз пайдалану фактілері  бойынша миллиардтаған залал келтірген 27 қылмыстық істі қозғауға бастамашы болды.

Комиссиядағы талқылау қорытындысы бойынша өкілетті органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне анықталған заң бұзушылықтарды талдау және алдағы уақытта ондайға жол бермеу үшін әрекет ету тетіктерін әзірлей отырып, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы