National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы мен Еуразия кеңістігі: қазіргі заман және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Конференцияға сондай-ақ Сенат төрағасының орынбасары Б.Бекназаров, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, ғылым мен білім саласының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстанның және шет елдер университеттерінің ректорлары, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде Қазақстан Президентінің басшылығымен біз ширек ғасырдағы тарихи даму жолында ғаламат секіріс жасап, заманауи, қуатты және қадамы қарышты мемлекет құрғанымызды айтты. Бүгінде еліміз Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған, мазмұны мен бағдары Бес институционалдық реформада айқындалған мемлекет құрудың сапалы жаңа кезеңіне көшті. Ұлт жоспарының мақсаты – әлемдегі ең озық 30 мемлекет қатарына қосылу.

Г.Әбдіқалықова Елбасының арқасында «еуразияшылдық» идеясының қазіргі заманғы геосаяси және геоэкономикалық бағыт теориясымен және тәжірибесімен байытылып, жаңа тынысы ашылғанын атап өтті. Бүгінде бұл идея толыққанды өңірлік бірлестікке айналған Еуразиялық экономикалық одақ арқылы ойдағыдай іске асырылуда.

Мемлекеттік хатшы Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қазір 180 миллионнан астам адам тұратынын, оның ішкі жалпы өнімінің көлемі 1,5 триллион доллардан асқанын жеткізді. Г.Әбдіқалықова керемет мүмкіндіктерге жол ашып, «көрінбейтін шектеулерді» еңсеру үшін ЕАЭО-да геосаяси ерік-жігер, экономикалық әлеует және дамыған инфрақұрылым бар екенін атап көрсетті.

Соңында Г.Әбдіқалықова Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы кезеңінде өтіп отырған конференция еуразиялық интеграцияны жаңа идеялармен және әзірлемелермен толықтырып, оның дамуына өз үлесін қосатынына сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару