National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктерін іске асырудың практикалық тәжірибесі: жетістіктер және халықаралық ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған конференцияға агенттік төрағасы Қ.Қожамжаров, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, білім және ғылым саласының өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде конференция Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтіп отырғанын айтты. Өткен жылдары мемлекетіміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты ауқымды шаралар қабылдады. Бүгінгі күні Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың сапалы жаңа кезеңіне көшті, оның мазмұны «Қазақстан-2050» стратегиясында және «100 нақты қадам» ұлт жоспарында. сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында айқындалған.

Г.Әбдіқалықова сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды одан әрі күшейту бағытында Қазақстан Президенті табанды ұстанымды басшылыққа алып отырғанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлемдік стандарттарға сәйкес келетін тиімді тетіктерін қалыптастыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қатерлерін жүйелі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту ісі сияқты кең ауқымды құқықтық тәсілдерді тәжірибеге енгізді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Қазақстан БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволар қауымдастығының, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарының және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі болып саналады.

Соңында Г.Әбдіқалықова конференция сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін шешуге үлес қосатынына, ал көтерілген идеялар мен берілген ұсынымдар нақты іске асатынына сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару