National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан мен АҚШ-тың өзара іс-қимылының 25 жылдығына арналған «Қазақстан – АҚШ» атты конференцияға қатысты

Конференцияға АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Д.Крол, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімдерінің, мемлекеттік органдардың басшылары, дипломатиялық қызмет ардагерлері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік дипломатиялық корпустың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу мекемелері мен оқу орындарының өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы басқосуға қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан Президентінің сындарлы сыртқы саясаты мемлекеттігіміздің нығаюына, экономикалық әлеуетімізді арттыруға, еліміз үшін алдағы ондаған жылдарға межеленген қауіпсіздіктің жүйелі құрылымы мен кепілдігін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасағанын айтты.

Гүлшара Әбдіқалықова өткен ширек ғасыр ішінде біздің ынтымақтастығымыз өзара сенімге, қолдауға және ұлттық мүдделерге құрметпен қарауға негізделген кемел стратегиялық серіктестік сипатындағы қарым-қатынас деңгейіне жеткенін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен АҚШ-тың бірлесе отырып, халықаралық бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне зор үлес қосқанына тоқталды. «Болашақтың энергиясы» атты ЭКСПО-2017 көрмесі – жаһандық түйткілдерді шешу жолындағы жарасымды ынтымақтастық рухының жарқын көрінісі. Оған жаһандық орнықты даму үшін жаңа технологияларды дамытуға бірлесе ұмтылған әлемнің 115 елі қатысуда.

Конференция аясында халықаралық қауіпсіздік, бейбітшілікті сақтау, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы Қазақстан мен АҚШ-тың өзара іс-қимылына арналған үш панельді отырыс болып өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы