National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының: «Қазіргі заманауи жаһандық жағдайда ұлттық бірлік дегеніміз – әлеуметтік бірлік, ал қалыптасқан мемлекет дегеніміз – әлеуметтік мемлекет», – деген сөздерін атап өтті.

– «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» қоғамды кешенді түрде әлеуметтік жаңғыртудың қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Олар саяси, экономикалық және рухани салалардағы ауқымды реформалар алгоритмін жалғастыра отырып, түйіндейтін болады. Әлеуметтік бірлікті тұғыр еткен ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелері әрдайым Қазақстан халқы Ассамблеясының басты назарында болуға тиіс, – деді Мемлекеттік хатшы.

2017 жылы ҚХА қоғамдық сананы жаңғырту жобалары бойынша 20 республикалық және 395 өңірлік іс-шара ұйымдастырды. 2 мыңнан астам қайырымдылық іс-шара өткізіліп, көп балалы және табысы төмен 60 мыңнан астам отбасыға, сонымен қатар 8 мыңға жуық түрлі ұйымдарға көмек көрсетілді.

Басқосуда Парламент Мәжілісіндегі ҚХА-ның депутаттар тобының, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының және республикалық Әзербайжандар қауымдастығы жұмысының қорытындылары қаралды.

Сондай-ақ, басқа да бірқатар мәселе, атап айтқанда ҚХА-ның XXVI сессиясы қарауына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының этномәдени бірлестіктер атынан ұсынылатын жаңа қоғамдық орынбасарларының кандидатурасына байланысты мәселелер қарастырылды.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова құрметті атаққа ие болған ресейлік көрнекті саяси және қоғам қайраткері Руслан Аушевті, Германияның мемлекет және қоғам қайраткері Генрих Цертикті құттықтап, оларға ҚХА Достық елшісінің патентін тапсырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару