National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

 

Ұлттық академиялық кітапханада өткен Ассамблея Кеңесінің жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, өңірлік ассамблеялар хатшылықтарының  басшылары, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасын, «ҚХА – 20 ізгі іс» республикалық акциясын іске асыру барысы, Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесі қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Ассамблея Кеңесі мүшелерінің және этномәдени бірлестіктердің  атқарған жұмыстарын атап өте келе, Мемлекеттік хатшы «Ассамблея жылы – Қазақстанның әрбір азаматына дейін жетудегі басты мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретінін» айтты.

Гүлшара Әбдіқалықова ҚХА жылы мен алдағы ҚХА ХХІІ сессиясының тағдыршешті мәнін атай отырып, бұл оқиғалар Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім, бірлік және тұрақтылық саясатын орнықтырудың символы ретінде Қазақстан тарихына енетін айтты.

Мемлекеттік хатшы ҚХА Кеңесінің қорытындысы бойынша Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару