National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

 

Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволар өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтар жетекшілері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» – 100 нақты қадам Ұлт жоспарының төртінші институционалдық реформасы – «Біртектілік пен бірлікті» іске асырудағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің міндеттері қаралды, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы ғылыми зерттеулер, ҚХА жылын ғылыми-сарапшылық тұрғыдан қолдау барысы және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. 

Мемлекеттік хатшы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері жүргізіп отырған жұмыстың маңызына тоқтала келіп, «Болашағы біртұтас ұлт» төртінші институционалдық реформасын іске асыру аясындағы Ассамблеяның ғылыми қауымдастығының міндеттерін атап көрсетті. Азаматтық қағидаттары негізінде қазақстандық біртектілікті дамыту және нығайту, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау ісіне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару