National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті

 

Мемлекеттік хатшы отырысты аша отырып, Комиссия мүшелерін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20-жылдығымен құттықтады және Мемлекет басшысының жеке бастамасымен тағайындалған стипендия бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған аса маңызды серпінді жобалардың біріне айналғанын атап өтті. «Болашақ» түлектері бүгінде қоғам өмірі мен мемлекеттің барлық саласында еңбек етуде, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруға лайықты үлестерін қосуда.

Республикалық комиссия шешіміне сәйкес, 66 адам магистратура (64 адам) және докторантура (2 адам) бағдарламалары бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, олар Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Канада, ҚХР және Швейцария жетекші жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

Таңдап алынған мамандықтар ауқымы да айтарлықтай кең. Олардың арасында ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік, экономика, қаржы және аудит, туризм мен спорт саласындағы менеджмент, лингвистика және аударма ісі мамандықтары бар.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы