National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда – әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбымен өткен халықаралық әйелдер форумына қатысты

 

Форум жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов, Ұлттық комиссия мүшелері, халықаралық ұйымдардың, бизнес құрылымдары мен азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде  қазіргі әлемде жағдайдың күрделі және тұрақсыз екенін ескере отырып, тиісті амалдар әзірлеудің маңыздығын атап өтті.

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында дағдарысқа қарсы басты стратагеманы ұсынғанын, соның аясында жаңа инвестициялық және әлеуметтік саясат іске асырылатынын айтты. Бұл шаралар экономиканы, мемлекет пен қоғамды нығайтуға бағытталған.

Мемлекеттік хатшы отбасылық-демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық және әйелдерді қоғамдық-саяси салада ілгерілету мәселелеріне назар аударды.

Г.Әбдіқалықова сондай-ақ қаржы институттарының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытында түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруына қатысты мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды. Мәселен, шағын несие беру бағдарламасы бойынша 2010 жылдан бері 1,5 мыңнан астам әйел 12,2 миллиард теңгедей несие алды. Азия даму банкі жалпы көлемі 90 миллиард теңгеге 1318 несие алушыны қаржыландырса, соның 38 пайызы әйел кәсіпкерлер болған. Еуропалық қайта құру және даму банкі 2015 жылдан бастап Үкіметпен бірлескен «Әйелдер – бизнесте» жаңа бағдарламасын іске қосты, оның аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін жалпы көлемі 50 миллион доллардай мөлшерде несие желісі қарастырылды.

Мемлекеттік хатшы форумға қатысушыларды Бес институционалдық реформаны, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жүзеге асыруға белсене қатысуға, дағдарысқа қарсы шаралардың аясында қарастырылған жаңа мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалануға шақырды.

Г.Әбдіқалықова сөзінің соңында Оңтүстік Қазақстан облысында өңірді дамыту мен өркендету ісінде әйелдер әлеуеті толық пайдаланылатынына сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару