National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекеттік хатшыға Гвинея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Бангали Диакхаби, Панама Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Мигель Умберто Лекаро Барсенас, Мали Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Тиефинг Конате, Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Тончи Станичич, Кипр Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Леонидас Маркидис, Перу Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Луис Бенхамин Чимой Артеага сенім грамоталарын тапсырды.

Гвинея елшісімен кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова биыл Қазақстан мен Гвинея арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толғанын атап өтті. Гвинея Республикасының Президенті Альфа Конденің Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технология жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін Астанаға келгені екіжақты қарым-қатынастың маңызды оқиғасы саналды.

Панама елшісімен кездесуде Г.Әбдіқалықова ЭКСПО базасында жүзеге асырылатын Астана халықаралық қаржы орталығының, БҰҰ-ның қолдауымен құрылған «Жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың және ІТ-стартаптар халықаралық технопаркінің жобалары бойынша ынтымақтасуға шақырды.

Мемлекеттік хатшы Мали Республикасы елшісімен кездесуде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылғаны үшін ризашылық білдірді. Жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы арасында осы ұйымның штаб-пәтерін Астанаға орналастыру туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, Мали терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде маңызды рөл атқаратынын айтты.

Хорватия Республикасы елшісімен кездесу барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстанның Хорватияны Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды әрі перспективалы серіктесінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы экономикалық ынтымақтастық деңгейін арттыру қажеттігіне көңіл аударды. Қазақстанда шамамен хорватиялық 30 компания жұмыс істейді. Елдер арасындағы тауар айналымы биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 301 миллион долларды құрады. Мемлекеттік хатшы қазақстандық компаниялардың жоғары сапалы бидай мен мал шаруашылығы өнімдерін жеткізе алатынын айтты. Хорватия компаниялары индустрияландырудың екінші бесжылдығы жобаларына қатыса алады.

Кипр Республикасы елшісімен кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова біздің саяси диалогымыз белсенді сауда-экономикалық серіктестік арқылы нығая түсуге тиіс екенін айтты. Қазақстан сауда-экономикалық қарым-қатынасты арттыруға және әртараптандыруға, ел экономикасына Кипр инвестициясын тартуға мүдделі.

Мемлекеттік хатшы Перу елшісімен кездесуде бұл елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады. Перудің ұйымға мүше болуы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2018 жылғы қаңтардан бастап төрағалық етуімен тұспа-тұс келіп отыр.

Рәсім соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару