National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» бағдарламасының Bolashak Alumni Reunion Conference аnd Education Fair – 2016 ІІІ халықаралық конференциясына қатысты

BARCEF-2016 конференциясына Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, отандық және халықаралық сарапшылар, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен халықаралық серіктестер қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Президенті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде білім беру секторының сараптамалық әлеуетін дамыту және адами капиталдың сапасын арттыру міндетін алға қойғандығын атап өтті. «Болашақ» бағдарламасын іске асыру және BARCEF халықаралық көрмесін өткізу осы міндетті шешу жөніндегі ұтымды шаралардың бірі болып саналады.

Г.Әбдіқалықова BARCEF-2016 ел тарихындағы маңызды белес – Қазақстан Республикасының 25 жылдығы белесінде өткізіліп отырғандығын айтты. Мемлекеттік хатшы «Болашақ» Президенттік жобасы – бұл басқарушылардың болашақ ұрпағына, әлемдік деңгейдегі мамандарға арналған Президент инвестициясы екенін жеткізді.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері 12 мыңнан аса стипендия тағайындалып, 8,5 мыңнан астам маман даярланды. Г.Әбдіқалықова бағдарлама Қазақстанға кадрлар даярлаудың әлемдік жүйесіне ойдағыдай кірігуге және қазақстандық экономикалық және әлеуметтік-мәдени кеңістікке үздік технологиялардың трансферттелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап көрсетті.

Соңында Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының бәсекеге қабілетті түлектері еліміздің дамуына маңызды үлес қосатындығына, сондай-ақ «Қазақстан – 2050» стратегиясының басты мақсаты – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуіне белсенді ат салысатынына сенім білдірді.

***

BARCEF конференциясы Орталық Азиядағы шетелдік және отандық жоғары оқу орындары арасында екі жақты байланыс орнатуға, кадрлар даярлау және білімді интернационалдандыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жөнінде сарапшылардың пікір алмасуына арналған ауқымды шара болып саналады.

Жыл сайын BARCEF жетекші шетелдік және қазақстандық университеттердің, отандық компаниялардың 60-тан аса өкілінің, Қазақстанның 4000-нан аса мектеп оқушысы мен студенттерінің басын қосады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару