National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

 

Кеңес жұмысына Парламент депутаттары,  Президент Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері және шетелдік қонақтар қатысты. 

Отырысқа қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының Бес институционалдық  реформасын, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру мемлекеттік және қоғамдық институттардың жұмысын түбегейлі қайта форматтауды қарастыратынын атап өтті. Осыған орай қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ететін негізгі институттардың бірі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше арта түседі. 

Отырыс барысында Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚХА Төрағасының орынбасары, республикалық корей музыкалық комедия театрының  директоры Л.Ни, Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков, ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.Прокопенко баяндама жасады.

Кеңес мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы іс-шараларының жүзеге асырылу барысы мен қорытындыларын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жобасын қарастырды. 

ҚХА кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.    


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы