National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

 

Отырыста «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері үшін ағылшын тілі бойынша 12 ай мерзім ішінде тілдік даярлықты ұйымдастыру мәселесі қаралды. Бұл ретте стипендия иегерлері Қазақстанда 6 ай және «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелдік тілдік мектепте 6 ай даярлықтан өтетін болады.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері президенттік стипендия шеңберінде МВА бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға деген қажеттілікті зерделеу мәселелерін талқылады.

Комиссия шешіміне сәйкес Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бір топ қызметкері «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанып, Ұлыбританияда тағылымдамадан өтетін болды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы