ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Сьерра-Леоне, Мальта, Португалия, Хорватия, Кипр және Чад Республикаларының елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Екі жақты кездесулер барысында мемлекетаралық қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.
Ә.Жақсыбеков атап өткендей, жаһандасу жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени және өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамыту біздің мемлекеттеріміздің ұлттық мүдделеріне сай келеді.
Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды өзара кеңейтуге аса мүдделі екендіктерін атап өтті. Олардың қатарында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, өзара инвестиция және сауда, энергияның балама көздері және агроөнеркәсіп кешені, білім және ғылым, туризм және басқа да перспективалы салалар бар.
Мемлекеттік хатшы аталған мемлекеттердің төтенше және өкілетті өкілдерінің қызметі елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық әлеуетін ұлғайтуға септігін тигізетініне үміт артатынын жеткізді.