Кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі жайттары, соның ішінде әскери-техникалық саладағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Франция Президенті Ф.Олландтың біздің елімізге 2014 жылдың екінші жартысына жоспарланған ресми сапарына әзірлік мәселесін қарастырды.